10 наурызда Жапонияның Осака қаласында Osaka Asian Film Festival азиялық фильмдерінің ең ірі фестивальдерінің бірі басталды.
Шарипа Оразбаеваның фильмі «ең көп үміт күттіретін талант» номинациясына қатысу үшін іріктелген әлемдік үздік 15 картинаның қатарына енді.
«Қызыл Анар» картинасының сюжеті — зорлық-зомбылықтан аман қалған және әділдік іздеген әйелдің тарихы. Шарипа Оразбаеваның айтуынша: «бұл кезекті әлеуметтік драма емес, шынайы оқиға астарлы әңгімемен ұштасатын поэтикалық кино».
Фильмдегі басты рөлдерді актерлер Айнұр Бермұхамбетова мен Болат Момынжанов сомдады.
2022 жылы Осакадағы фестивальде барлығы 76 фильм ұсынылады, олардың ішінде 24 әлемдік және 13 халықаралық кинопремьер.
2022 жылдың күзінде «Қызыл Анар» фильмі Испанияның Мадридтегі Imagineindia Film Festival 21-ші халықаралық кинофестивалінде көрсетілетін болады.