Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмі Кераладағы 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «әлемдік кино» секциясында көрсетіледі.
Бұл бағдарламаға Берлин және Канн кинофестивальдерінің жүлдегер-фильмдері, сондай-ақ басқа да беделді халықаралық кино марапаттарының лауреаттары кірді.
«Мұқағали» фильмі аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.
Керала халықаралық кинофестивалі Үндістанның ірі мәдени оқиғасы. Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 180 сурет көрсетіледі.
Ол 18-25 наурыз аралығында өтеді.