Халықаралық көрмелер бюросына (ХКБ) құрмет көрсету күні аясында Dubai EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінің қорытындысы шығарылып, EXPO Awards наградаларын тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елінің арасында екінші орынға ие болды және «көрме тақырыбын ашу» бас номинациясында күміс марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, Exhibitor Magazine халықаралық журналының нұсқасы бойынша Қазақстан павильоны «Best Presentation» номинациясында бірінші орынды және «best Large Pavilion» номинациясында үшінші орынды иеленді.
Қазақстандық павильон Expo 2020 Dubai көрмесінің топ-10 павильонының құрамына кіреді. Көрме барысында павильонға барлығы 1 млн 617 мың адам келді.
«Көрме тақырыбын ашу» номинациясында бірінші және үшінші орындарды Германия мен Италия иеленді.