Tesla компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адам Илон Маск адам тәріздес Optimus роботын шығарды. Бұл туралы Tesla Owners Silicon Valley Twitter парақшасында жариялады.
Tesla Bot coming out and dancing 🤣 @elonmusk pic.twitter.com/TKT1lSGyqa
— Tesla Owners Silicon Valley (@teslaownersSV) October 1, 2022
Роботтың құны 20 000 доллардан аспайды және ол өндірістік станцияда өсімдіктерді суару, жәшіктерді тасымалдау және темір торларды көтеру сияқты тапсырмаларды орындап арнайы тәжәрбиеден өткен.
Илон Маск Optimus-ты таныстыру барысында: «Біздің мақсатымыз – пайдалы адам тәрізді роботты мүмкіндігінше жылдам жасау. Optimus-ты жақсарту және оны дәлелдеу үшін әлі көп жұмыс істеу керек», — деп пікір білдірді.
Бұл роботтарды болашақта үй шаруасына қолануға, тамақ әзірлеуге, қарт адамдарды күтуге тіпті адамдармен жыныстық серіктес болуға икемі бар екен.