Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Айгүл Елшібаева: маған стюардессаға боқтады деп жала жапты. Мен сот шешімімен келіспеймін.

by Opa Media
12.10.2022
Reading Time: 2 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева мен «Air Astana» әуе компаниясы арасында дау шықты. Олар соттасып, нәтижесінде сот шешімімен әншіге 15 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Алайда Айгүл бұл шешіммен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, сот әділ өтпеген. Енді өнер иесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айгүл Елшібаева🌏 (@aigulyelshibayeva01)

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден әдебиет зиялысының ұрпағы ретінде, жыраулық сөз өнерінің қадір қасиетін түсінетін, мәдениет жанашыры ретінде соттың әділеттілігін сұраймын! Әлділердің әлсізге көрсеткен зәбірі, намысты азамат болсаң, адам өміріне әсер етуі — заңдылық. «Эйр Астананың» борт серігі, қазақша білмей, қақылдап қоймады деген сөзіме ілінісіп, сөз түсінбеген соң, мені елдің көзінше ішіп алған жолаушы деп, полицияның 4 қызметкері әуежайдан қарсы алып, елдің көзінше абыройыма сын келтірді. Іс бойынша маған «боқтады, борт-серіктің айтқанын істемеді» деп айып тақты. Маған куә жолаушылардың сөздері сотта тіркелсе де, бір ғана «Эйр Астана» қызметкерінің куә болуымен әкімшілік сотта мені айыпты қылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу туралы шешім шықты. «Эйр Астана» қызметкерінің куә болуы арқылы шешім шығару, әрине, бір мекемеде жұмыс істейтін, өз компаниясының абыройы үшін айтпаған сөзді айтты деп, компанияның мүддесі үшін өтірік жала жауып, өтірікшінің куәсі қасынан табылады. Бұл әділеттілік пе?» — дейді әнші.

«Air Astana» әуе компания әншіні «ұшақта арақ ішіп, шу шығарды» деп айыптап, оны сотқа берген болатын.

Tags: "Air Astana" әуе компанияАйгүл Елшібаевадәстүрлі әнші

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС