Кейінгі жылдары елімізде экология мәселесі көп көтеріліп жүр. 2025 жылға дейін ормандар ауданын 500 мың гектарға арттыру жоспарланып отыр екен. Бұл үшін 2 млрдтан астам ағаш отырғызылады.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Тараз, Алматы, Шымкент пен Қарағандыда қоқысты қайта өңдейтін зауыттар салынады. Бұл туралы үкімет отырысында Асқар Мамин хабарлады.
Әзірге қоқысты қайта өңдейтін зауыттар пилоттық жоба ретінде іске қосылады.