«Әлем халықтарының озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек.
Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Тіліміз дамымай жатыр деген ойдан арылуымыз керек. Тәуелсіздік кезеңінде оның мәртебесі биіктемесе, төмендеген жоқ»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.