Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Прокуратура мен «Атамекен» кәсіпкерлерді бірге қолдайды

by Opa Media
16.10.2022
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

 

Бизнеске ең жақсы қолдау – кедергі келтірмеу деген қағида бар. Бұл жағынан мемлекеттік саясат соңғы жылдары біраз талаптарды жеңілдетті. Соның негізгісі президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі жыл бұрын қолға алған бизнес өкілдерін жөнсіз тексеруді қысқарту мәселесі. Иә, енді жұмысын қолға алып, жолға қоя бастағанда құзырлы органдар мен түрлі тексеру орындары келіп, түрлі талаптар арқылы бизнес өкілін қыспаққа алып жатады. Бұл көп жағдайда оларды ауыр айыппұлға жығу немесе жауып тастаумен аяқталып жататын жағдайлар да ұшырасады. Ал оның салдары өте үлкен болуы мүмкін. Бұл ең алдымен бизнеспен айналыссам, кәсіп ашсам дейтін азаматтардың көңілін қайтарады. Сол себепті, мемлекеттің бизнесті тексеруі емес, қолдауы аса маңызды.

Алматы облысында мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы әріптестік біраз жылдан бері жолға қойылған деуге болады. Бір жылдары «Туған жер» бағдарламасы бойынша азаматтар өз ауылы мен қаласына, ауданына, қала берді облысына түрлі бағыттар бойынша қолдау көрсеткен. Арада біраз уақыт өткенде, мемлекет тарапынан жаңа ашылып жатқан кәсіпорындарға қолдау күшейтіле бастады. Субсидия бөлу немесе жеңілдетілген пайызбен несие беру сияқты ұзақ уақытқа жоспарланған жобалар бұл тарапқа сырттан келетін инвесторларды ғана емес, шағын және орта бизнеске қол созған азаматтардың санын арттыруға септігін тигізді.

Осындай шаруаларды әрі қарай дамыта түсу үшін Алматы облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бастама бизнес өкілдеріне еркін қимылдауға мүмкіндік береді.

«2020 жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпіріндегі прокуратура мамандары кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Нәтижесінде бизнестегі проблемалар мен кедергілерді анықтау, сондай-ақ оларды шешу бойынша кешенді шаралар қабылдау жөнінде біршама жұмыстар атқарылды», – деді облыстық прокуратура өкілі.

Бұл маңызы жоғары құжатқа «Атамекен» ҰКП-ның Алматы облысы бойынша өкілі Қуандық Чункунов пен облыс прокуроры Берік Адамов қол қойды. Енді заңсыз тексеру мен жөнсіз қысым көрген бизнесмендер дереу арада шағым түсіріп, тиісті орындарға жүгіне алады. Және мұның бәрі заманауи технологияға негізделген. Мәселен, бұған дейін кәсіпкерлерді қолдау үшін прокуратура мен палатаның жедел желілері іске қосылса, енді бизнес өкілдері QR код арқылы шағым жасауға мүмкіндік алып отыр.

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС