Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Алматы облысы құс шаруашылығы бойынша алда

by Opa Media
18.10.2022
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

 

Қазір әлемде құс етіне сұраныс көп. Қазақ бір кездері онша жақтыра бермейтін құс шаруашылығы қазір ең пайдалы бизнестің бірі. Бұл  тұрғыда мемлекеттің де осы шаруашылықпен айналысам, тауарымды экспорттаймын деген жекелеген бизнесмендерге қолдауды аяп келе жатқан жоқ. Себебі, қазіргі әлемде азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібінен түспей тұрған қарсаңда, кез келген азық-түлікке байланысты бастама өте маңызды және қолдауға тұрарлық шаруа.

Алматы облысы да бұл заманауи шаруашылыққа жіті мән беріп келе жатыр. Жақында екіге бөлініп кеткеніне қарамастан, облыс елімізде құс шаруашылығы бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бюроның мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда барлығы 50 019 554 бас құс бар. Оның 9 429 133-і Алматы облысында.

Құстан алынатын негізгі өнім – ет пен жұмыртқа, одан бөлек, жүнін де кәдеге асыруға болады. 2022 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейінгі аралықта Қазақстанда осы мерзімде 3824,4 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді. 846 959,1 тонна мал мен құс еті сойылып, өткізілген. Демек, бұл көрсеткіштердің арасында 20 пайызға жуығын бір ғана Алматы облысы беріп отыр деуге болады.

Жалпы, биыл жыл басында Алматы облысында 3 құс фабрикасы іске қосылады делінген. Одан бөлек, Алматы облысында құс шаруашылығымен 10 кәсіпорын айналысады. Бұл кәсіпорындарда жылына 100 мың тоннадан астам құс еті мен 1 млрд дана жұмыртқа өндіреді. Бұл – республикадағы барлық құс етінің 36%, жұмыртқаның -20%-ы деген сөз.

Бұл өнімдердің барлығы ең алдымен облыс тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруды мақсат етеді. Яғни, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Әр ашылған кәсіпорын экономикалық жетістік қана емес, жұмыспен қамту бағдарламаларына да көп көмектеседі. Сол үшін де мемлекет жеке секторлардың кәсібін дамытуға қай кезде де мүдделі. Осының арқасында, Алматы облысында құс өнімдері облыстың және Алматы қаласының ішкі нарығын толық қамтуға қауқарлы, оның сыртында басқа өңірлер мен өзге елдерге, яғни, экспортқа 25 мың тонна құс еті шығарады.

Биыл ашылған үш құс фабрикасының жылдық қуаттылығы 173 мың тонна ет шығаруға жетеді. Бұған 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Ескерте кететін жайт, қайта өңдеу саласында соңғы бес жылда 65 жаңа нысан іске қосылып, 28 өндіріс жаңғыртылды, бұл тамақ өнімдері өндірісінің 1,7 есе өсуін қамтамасыз етті. Яғни, жалпы бизнес саласында ілгерілеу бар деуге болады.

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС