Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Алматы облысында өндірістерді дамытуға  мемлекеттік қолдау керек – президент

by Opa Media
20.10.2022
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

 

Ресей-Украина арасындағы соғыс салдарынан көптеген компаниялардың Ресейден кетіп жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта Ресейге салынған санкция салдарынан ол жақтан көшуге мәжбүр болған  50-ден астам халықаралық компания Қазақстанға көшіп келді. Мұндай компанияларға Қазақстанда жұмысын жалғастыруға, сол арқылы Орта Азия аумағына тауарын сатуға мүмкіндік беру керек екендігі турлы президент бұған дейін де айтқан. Енді міне, 50-ден астам компания келіп отыр. Қазір олармен алғашқы келіссөздер жүргізіліп, жұмыстары пысықталып басталып та кетті.

Шетелдік компания дегенде, бизнес климаты өте тартымды Алматы облысы алдымен тілге оралады. Біріншіден, Қазақстандағы ең үлкен мегаполис Алматы қаласы тиіп тұр, одан кейін, Алматы облысы да тұрғын саны көп аймаққа жатады, олардың басым көпшілігі Алматы қаласы маңына шоғырланған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы обылсына ресми сапары барысында Қонаевтағы жиында Ресейден келіп жатқан компаниялар бар, басқасы бар, өндіріс орындарын үлкен қалаларға шоғырландырудың тиімсіз екенін айтты. Және шетелден келіп жатқан компанияларды ашу үшін барлық жағдай жасалуға тиіс екенін де ескертті.

«Өндіріс компанияларын БАКАД бойына орналастыру – облыс экономикасына айтарлықтай көмектеседі. Бұл мәселені Үкіметпен және компаниялармен талқылау қажет. Облыс орталығы Алматыға қарағанда «қарсы магнит» болуға тиіс. Бұл мәселені шетелдік серіктестермен кедергісіз және үздіксіз тауар алмасу мақсатында қазірдің өзінде пысықтау қажет. Өңірде ірі көлемде салық төлейтін бірқатар экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс істейді. Оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы өндірістерді кеңейтуге көмектесу керек. Ұлттық экономика және қаржы министрліктері ұсыныстарды бір ай мерзімде қарастырсын», – деді ол.

Әрине, шетелдік бір компания Қазақстанға келсе, демек, қаншама азаматымызды жұмыспен қамтуға мүмкіндік аламыз. Оның сыртында мұндай компаниялар мемлекетке салық төлеп қана қоймайды, Қазақстанның бизнес-әріптестік тұрғысындағы имиджіне де ықпал етеді. Оның үстіне, Ресейден кетіп жатқан компаниялардың бәрі бір-бір әлемдік брендті иемденіп отырған алпауыттар екенін ескерсек, олармен мемлекеттік биліктің әріптестік орнатуы, қолдау көрсетуі – ең алдымен өз азаматтарымызды қолдау екені сөзсіз.

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС