Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60-жасында қайтыс болды, — деп хабарлады Clarín газеті. “Наполи” мен Аргентина құрамасының экс-ойыншысы жүрек ұстамасынан қайтыс болды.
30 қазанда Марадона медициналық тексеруден өту үшін Аргентина ауруханаларының біріне жеткізілген. Футболшыға ота жасалғаны туралы хабарланған
Сол күні көпшілік Диегоны соңғы рет оның 60 жылдығына арналған Аргентина чемпионатының 1-туры матчы алдында көрді. Спортшыға естелік тақта берілді.
Диего Марадона «Барселона», «Наполи», «Севилья», «Бока Хуниорс» клубтарында ойнады. 17 жыл бойы Аргентина құрамасында болып, 1986 жылғы әлем чемпионатын жеңіп, 1990 жылғы чемпионатта екінші орын алды.
ФИФА сайтындағы дауыс беру қорытындысы бойынша “ХХ ғасырдың үздік футболшысы” деп танылды.