Chocofamily негізін қалаушы қазақ тіліне қатысты мәлімдемелері үшін Рамиль Мухоряповпен болған оқиғаға байланысты сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев пікір білдірді.
«Тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданады»
Еске салайық, Chocofamily Holding компаниясының негізін қалаушы және тең иесі Рамиль Мухоряповтың төңірегіндегі жанжал өткен аптада тұтанған болатын. Кәсіпкердің қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі қазақтарға ұнамады – Мухоряпов қазақтардың орысша қойылған сұраққа қазақша жауап беру жағдайын «ұлтшылдықтың әлдебір көрінісі» деп атады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ғаламтордағы хайптан кейін Мухоряпов кешірім сұрап видео жариялаған еді.