39 жастағы Сассекс герцогинясы мен Гарри ханзада екінші баласын күтіп жүрген болатын. Алайда 2020 жылғы жазда Меган Маркл түсік тастаған. Бұл туралы ол The New York Times-қа жариялаған эссесінде мәлімдеді.

“Баламның жөргегін ауыстырып жатып, ауырсынып тұрғанымды сездім. Бір баламды құшақтап отырып, екінші баламнан айырылып қалғанымды түсіндім. Ауруханадағы жұбайымның шарасыз күйін көріп, “Бәрі дұрыс па?” деп сұрауға ғана әлім жетті”, — дейді герцогиня.
Меганның айтуынша, көпшілік түсік туралы ашық айтудан ұялады. Бұны дұрыс емес деп есептейді. Героцогиня Алғыс айту күнінде басқалардың жағдайын сұрап тұруға кеңес берді.