Елімізде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы акция басталды.
Кампания мақсаты — 16 күн ішінде халықтың гендерлік зорлық туралы білімін арттыру. Бұл акция зорлықпен күресіп жүрген белсенділердің өзара пікір алмасуына жағдай жасап, стратегия бөлісетін алаң қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба отандық белсенділерді қолдап, халықаралық кампанияның бір бөлігіне айналуды мақсат етеді.
Айта кетсек, пандемия кезінде Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі 25%-ға өскен болатын. Бұл көпшілік наразылығын тудырып, әйелдерге қатысты зорлық тақырыбына назар аударуға түрткі болды. Тәртіп сақшылары зорлыққа ұшыраған адамдарға арнайы құпия сөз енгізді. 102 нөміріне қоңырау шалып: “Маска мен антисептиктер келді ме?”, – деп сұрау қажет.
Биыл компания #HearMeToo (Мені де есті) ұранымен басталды.