Әлеуметтік желі енді қайтыс болған адамдардың парақшасына арнайы белгі қоятын болды. РИА Новостидің хабарлауынша, желіге соңғы рет кірген уақыттың орнына бұдан былай “Қайтыс болған адамның парақшасы” деп жазылады.
Алайда, бұндай белгі қайтыс болған қолданушылардың бәріне бірдей қатысты емес. Туысқандары желі тұтынушыларын қолдау орталығына өтініш білдіріп, қайтыс болғаны туралы куәлік суретін жіберген жағдайда ғана белгі қойылады.
Facebook желісі де қайтыс болған адам парақшасына арнайы белгі қояды. Бірақ, парақша иесі тірі кезінде-ақ өз парақшасына “мұрагер” таңдай алады.