Қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова 29 қарашада өткен Junior Eurovision халықаралық байқауында екінші орын иеленді. Бұған дейін оның қатысатыны туралы жазған едік.
Әділқазылар мен көрермен даусын қосқанда, Қарақат 152 ұпай жинады. Бірінші орын 200 ұпайы бар франциялық Валентинаға бұйырды.
Балалар арасындағы Евровидение осымен 18-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл байқау Польшада өту керек болған, алайда коронавирус пандемиясына байланысты онлайн режимде өтті.