28 қарашада “Ұлболсын” кинокартинасы Эстониядағы Black Night фильм фестивалінде “Үздік Азия фильмі” атағына ие болды. Туындының премьерасы фестиваль аясында өткен болатын.
Фильмді Қазақстан мен Франция бірлесіп түсірген. Кинокартина сюжеті ауылдағы сіңілісінің тағдыры үшін күрескен Ұлболсынның оқиғасын баяндайды. Туынды режиссері Әділхан Ержанов сценарийін де өзі жазған. Басты рөлді Әсел Садуақасова сомдаған. Сондай-ақ Сәдуақасова – фильмнің бас продюсері. Бұдан бұрын ол Әділханның “Бой Атбая”, “Желтая кошка” фильмдеріне де продюсер болған.