“Яндекс Go” жаңартылған қосымшасы қолданушыларға такси бағасын бүтін санға дейін дөңгелектеуді ұсынады. Мәселен, жол жүру құны 343 болса, оны 350 теңге етіп төлей аласыз. Артық алынған қаражат екі еселеніп қайырымдылыққа жұмсалады.
Еселенген соманы жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің жол ақысына жұмсау жоспарланып отыр.
Дөңгелектеу функциясы қосулы тұрса, сіздің қайырымдылыққа жұмсаған сомаңыз он еселенеді. Мұндай функцияны тек картамен төлегенде пайдалануға болады.
“Бірінші желтоқсанда бүкіләлемік “Жомарт сейсенбі” акциясы өтті. Жобаның мақсаты — қайырымдылық мәселесіне назар аударту. Қайырымдылықты такси қызметін пайдалану сияқты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру”, – дейді “Яндекс Go” маректинг директоры Дарья Золотухина.