Әншінің Space Rage деп аталатын жаңа топтамасына иіс су мен хош иісті майшам кіреді. Рэпер мұны өзінің Astroworld альбомымен байланыстырыпты.

Иіс су құтысының формасы тура Byredo-ның классик флаконы сияқты. Тек көк-күлгін түсті жылтыр градиентке боялған. Ал шам болса, дәл осы түсті шыны ыдысқа орнатылған.

Парфюмерия коллекциясына рэпердің жеке сайты мен Byredo дүкенінен тапсырыс беруге болады. Иіс су 285 доллар, ал шам 95 доллар тұрады.