1 желтоқсандаі Түркістандағы Hazret Sultan әуежайына аэродромның жарамдылық сертификаты берілді. Жаңа әуежай алғашқы жолаушыларын Нұр-Сұлтаннан қабылдады. FlyArystan компаниясының хабарлауынша, бас қаладан қатынаған алғашқы ұшаққа билеттер лезде сатылып кеткен. Ал 5 жетоқсанда Алматыдан ұшатын алғашқы рейске алты билет қана қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Түркістан әуежайы әзірге тек FlyArystan ұшақтарын қабылдайды. Жақын арада SCAT пен Qazaq Air-дың ұшақтарын қосу жоспарда бар.
SCAT-тың Түркістанға қатынайтын алғашқы ұшағы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтаннан, 10 желтоқсанда Алматыдан ұшады. Qazaq Air-дың рухани орталыққа бірінші рейсі елордадан 2 желтоқсанда, Алматыдан 7 желтоқсанда іске қосылады.