“Ая мен мыстан” (“Ая и ведьма”) мультфильмінің трейлері IAMAG YouTube каналына шықты.
Туынды Ая есімді жетім қыздың оқиғасын баяндайды. Бас кейіпкер оны асырап алған шешесі мыстан екенін біліп қояды. Сөйтіп, сөйлейтін қара мысықпен бірге мыстаннан құтылудың жолын іздестіреді.
Мультфильм британ жазушысы Диана Уинн Джонстың “Ирвиг пен мыстан” (“Ирвиг и ведьма”) кітабының негізінде жасалған. Туынды режиссері атақты Хаяо Миядзакидің ұлы – Горо Миядзаки. Жапон студиясының алғашқы 3D мультфильмі 30 желтоқсанда жарыққа шығады.