Kaspi.kz қосымшасының “Мой банк” бөлімі қазақшаға аударылды. Банк жақын арада қосымшаның толықтай қазақшаланатына уәде берді.
Бірнеше ай бойы әлеуметтік желідегі Qazaqsha jaz қозғалысының өкілдері “Kaspi қашан қазақшаланады?” деп, осыны талап ету қозғалысын бастаған болатын. Нәтижесінде, Kaspi банктің атқарушы директоры Маржан Елшібаева қосымшаның жақын арада қазақшаға аударылатынына уәде берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пайда болғанына жарты-ақ жыл болған Qazaqsha jaz қозғалысы осы уақыттың ішінде көптеген компаниялардың қазақша қызмет көрсетуіне ықпал етті. Технодом, Starbucks, Qazaq Republic, Samsung сияқты ірі компаниялар парақшасын қазақша жүргізе бастады.