Хабиб Нурмагомедов Джастин Гейджиға қарсы соңғы кездесуінен кейін кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Жақында YouTube каналында өткен пресс-конференцияда бірнеше елде Khalib Gym спортзалдарын ашуды жоспарлайтынын айтты.
Нурмагомедовтың мәлімдемесіне сүйенсек, кәсіби спортшыларды дайындайтын мұндай спорт кешендері Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Үндістан, Индонезия елдерінен бөлек, Қазақстанда да пайда болады.