«Менің ойымша, бұл жазбаны алғыспен бастаған дұрыс болар. Бірнеше апта бойы біздің өміріміз мейірімділіктің гүлдерімен көмкерілді. Жолданған тілектер мен қолдау хаттарын көз жасынсыз оқу мүмкін емес», — Крисси Тейгеннің Medium-дағы блогы осылай басталады.
Әнші Джон Ледженд пен супермодель Крисси Тейген 30 қыркүйек күні үшінші баласынан айырылып қалды. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде аурханада түсірілген трагедиялық фотосуреттерін бөлісіп, хабарлаған болатын.
Бұған байланысты фоллоуерлер пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдау білдіріп, ұқсас оқиғаларымен бөліссе, екінші тарап мұндай ауыр сәтте суретке түсудің орынсыздығы туралы айтып, негативті пікірлер қалдырды.
Мен жағдайдың қиындығына қарамастан, анам мен Джоннан мені суретке түсіруді өтіндім
«Джонн үшін бұл ауыр өтініш болды. Десе де, маған бұл сәтті есте сақтау өте маңызды болды. Себебі, мен мұны біздің тойымыздағы алғашқы сүйісу сәті немесе Луни мен Майлз туғандағы қуанышты кездердей есімде қалдырғым келді. Сондай-ақ, бұл оқиғаны басқалармен бөліскім келетіндігін де жақсы түсіндім», — дейді модель.
«Крис қайғылы оқиғасымен бөлісуі арқылы “баласынан айырылды” деген көпке ортақ қара таңбаны жоққа шығарып отыр. Ол дұрыс та. Себебі, көп жағдайда мұндай трагедияларға ешкімнің де кінәлі емес екендігін түсінуіміз қажет», — деп, супермодель оқырмандарының бірі блогқа пікір қалдырған.
Алайда, бұл пікірге қосылмайтындар да біршама. Крис оларға: «Маған хейтерлердің ойы мүлде маңызды емес. Бұл — менің қалауым және жеке шешімім», — деп жауап берді.