Әнші Рианна шығаратын Savage x Fenty іш киім желісінің көрсетілімі үнемі қызу талқыға түседі. Алайда бұл жолы жұрт көрсетілімдегі инновацияларды, инклюзия мен ерекше шоуды талқылаған жоқ. Көптің назарын аударған басқа нәрсе.
Көрсетілім кезінде қолданылған музыка үшін әнші желі қолданушылары тарапынан жауған хейт объектісіне айналды. Рианна көрсетілім саундтрегі ретінде тез ритмді әуенге ислам хадистерінің қосылған нұсқасын пайдаланған.
Әншінің музыкалық таңдауы желіде қатты сыналып, мұсылман қолданушылардың наразылығын тудырған. Олар Мұхаммед пайғамбардың сөздері іш киім көрсетілімінде қолданылуына қарсы.
Рианна бұл әрекеті үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрап, ендігіде қайталамауға уәде берді.