Меган Маркл мен ханзада Гарри өздерінің жеке премиясын ұйымдастырады, деп хабарлайды The Sun. Ол ғылым, мәдениет, өнер және саясат салаларындағы көрнекті қызметі үшін патшайым Елизавета беретін патша марапаттарына балама болмақ.
Марапатқа қатысты жұмысты Меган мен Гарридың Archewell Foundation қайырымдылық қоры басқарады.. Премияны қайырымдылық, білім, ғылым, әдебиет, нәсілдік әділет, гендерлік теңдік, экология, жастармен жұмыс, денсаулық және психикалық саулық, салаларындағы үздік қызметкерлерге берілетін болады.
Қазір Меган мен Гарри қайырымдылық қорды тіркеумен айналысып жатыр. Жақында тиісті ережелер орындалмағаны үшін тіркеу туралы өтініш қабылданбай қалған екен.