Ридли Скоттың “Гуччи” түсіріліміне британ актері Джереми Айронс қосылды. Ол бұл картинаға Адам Драйвер, Джаред Лето, Аль Пачино, Джек Хьюстон, Рив Карни сияқты атақты актерлермен бірге түседі. Сондай-ақ, туындыдағы басты рөлді Леди Гага сомдайды.
Сара Грэй Форденнің кітабына негізделіп түсірілген фильм атақты Гуччио Гуччидің немересі Маурицио Гуччидің өлімі туралы болмақ. Оны 1995 жылы әйелінің тапсырысымен кеңсесі жанында өлтіріп кеткен болатын.
Гуччи туралы фильм түсіру идеясы режиссердің әйелі Джианна Фасиоға тиесілі. Сценарийін Роберто Бентивенья жазған. Туынды 2021 жылы жарыққа шығады деп күтілде.