20 желтоқсанда елордадағы Ататүрік саябағында сноуборд пен шаңғы тебу кешені ашылады. Сноупарктің аумағы — 720 шаршы метр. Cырғанақтың ұзындығы — 40 м, ені — 18 м болады деп жоспарлануда.
Парк аумағында, сондай-ақ, сырғанауға қажет жабдықтарды жалға алуға, арнайы инструктор қызметін қолдануға болады. Сноупаркте күндізгіден бөлек, кешкі сырғанау сеансын ашу да жоспарланып отыр.
Ататүрік саябағында сноупарктен бөлек, мұз айдыны, сырғанақтар мен Аяз атаның үйшігі пайда болады.
