Киімді жалға беретін “The Devout” компаниясының жаңа тәуелсіз зерттеуіне сәйкес, британиялықтардың гардеробында 390 миллионға жуық қажетсіз киім бар. Жергілікті халықтың 56 пайызы кимейтін киімдерін де сақтайтынын айтқан. Бұл — алдағы 6 айда кию жоспарында жоқ, «қажетсіз» деп табылған гардероб элементтері.
Бұған дейінгі ұқсас зерттеу пандемияға дейін британиялықтардың жылына 350 мың тоннаға жуық киімді қоқысқа тастайтынын анықтаған.
Пандемия бұл жағдайды одан сайын ушықтырған: Ұлыбритания халқы ұзаққа созылған локдаун кезінде «ескірген» киімдерінен құтылу үшін оларды қоқысқа тастаудан басқа амал таппаған. Зерттеушілердің ойынша, бұлай жалғаса берсе, жақын арада жағдай нашарлауы мүмкін.
Зерттеудеге сәйкес, бес респонденттің екеуі жүйелі түрде жаңа киім сатып алады. 16 мен 24 жас арасындағы топта олардың үлесі — 59 пайызды, 25-тен 34-ке дейінгілер арасында — 52 пайызды құрайды.
Киімдерді жалға беретін “The Devout” компаниясының негізгі мақсаты — елдегі бейсаналы тұтыну проблемасын шешу екен.