Брейкданс, скейтбордиң, серфиң пен құзға өрмелеу 2024 жылғы Олимпиада ойындарының тізімін толықтырмақ. Бұл туралы 7 желтоқсанда Халықаралық олимпиада комитетінде өткен жиналыста хабарланды.
Сондай-ақ, спортшыларға бөлінген квота санын 10,5 мыңға азайту туралы шешім қабылданды. Допингке байланысты оқиғалар көп болғандықтан, ауыр атлеттер мен боксшылардың квотасы қысқартуға ұшыраған.
Бұл жиналыста олимпиада комитеті спортшыларды саяси дискриминацияға ұшыратуы мүмкін деп, Белорусь олимпиада комитетінің жұмысын уақытша тоқтатып отыр.