Бір топ аққу Ақтаудағы Rixos Water World қонақ үйіне жақын жерде жайылып жүрген. Қыстауға келген аққуларды Азамат Сәрсенбаев дроннан видеоға түсірген.
Алаңсыз жүзген аққуларды Азаматтың Instagram парақшасына жүктеген видеосынан көруге болады. Ролик авторы бұл аймақтан қорық аумағы өтетіні туралы еш ақпарат жоқ дейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан бұрын Азамат Сәрсенбаев Маңғыстаудағы Қаракөл көліндегі фламинго үйірін дроннан түсірген болатын. Ерекше видеоролик желіде тарап, оны тіпті Guardian, BBC сияқты әлемдік БАҚ-тар жариялады. Алайда, Азаматты құстарға қауіп төндіретін құралмен (дрон) түсірілім жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.