Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кейінгі кезде өзіне ашулы екенін айтты. Бұл туралы Instagram-дағы оқырмандарымен бөлісіп, кеңес сұрады.
Өз-өзіне көңілі толмауына еріншек болып бара жатқаны себеп болған.
“Жыным келеді ше… өзіме. Бұрынырақта ұйықтар алдында вай- файды өшіріп, телефонды басқа бөлмеге қойып, кітап оқып, не аудиокітап тыңдап жататынмын. Қазір қалды жайына бәрі. Неге? Білмеймін… Еріншек болып бара жатқан сияқтымын”, — деді тележүргізуші.
Белгілі болғандай, еріншек болып жүрген Сұлтанқызы ғана емес. Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов дәл осындай күйде жүр екен. Ол Ләйлә жазған пост астына мынадай пікір қалдырған: “Ол бір тоқырау сәт дер едім. Менде де солай”.
Ал продюсер Әлия Құдайбергенова тірі жан болған соң, ондай болып тұратынын айтып: “Негізі… адам робот емес қой. Жаны бар адам болған соң, болады, ондай-ондай. Аса тәртіпті бола беру де жаман” , — деп қолдау білдірген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram