“Менің әкем түрмеден шықты. Бұл мені аяуға себеп болатын кезекті пост емес..” – деп басталатын жазбасында блогер үш жыл бойы әкесі түрмеде болғанын жасырғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкесі қамауда болған кезде отбасының бар ауыртпалығын Айжан өзі көтеріпті. Әкесінің інісі қайтыс болғанда да түрмедегі жақынына хабар бермей, мұның да жауапкершілігін өзі арқалаған.
“Үш жыл бойы айтпаған себебім: дайын болмадым. Бұл біздің құпиямыз болатын. Қазір басқа адамдар бұл ақпаратты жаман ниетте қолданбас үшін бөлістім”, – дейді блогер.
Байзақованың әкесі қазір бостандыққа шыққан. Блогер оның не себепті түрмеге түскенін айтпады. Бірақ, кінәсіз екеніне сенімді.
Айжан постын: “Қалғанын өзі дайын болғанда, әкем айта жатар. Ал оның айтары бар. Ата-анаңызды бағалаңыз”, — деп аяқтаған.
Блогердің фоллоуерлері “Сен әкеңе тартқансың, әсіресе мінезің”, “Менің досым сенің әкеңмен бірге отырған. Әкең — керемет адам” сияқты пікірлер қалдырып, қолдау білдірген.