“Пластиктен арыл” қозғалысының белсенділері 55 елдегі ең көп пластик қалдықтарын шығаратын компаниялар тізімін жасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Антирейтиңді үш жыл қатарынан Coca-Cola, Pepsi және Nestle бастап тұр. Coca-Cola-ның пластик бөтелкесі 51 елдің өзен, теңіз жағалауларынан табылған. Бір жыл бұрын компанияның өндірген қоқыс мөлшері 55 елдің 37-сінде бірінші орынға шыққан болатын.
Дәстүрлі рейтиңді құрастыруға 15 мың волонтер қатысқан. Аудит нәтижесі бойынша, 2020 жыл әлем бойынша ең көп пластик қоқыс табылған жыл боп танылған.