Юрий Толочко -15С аязда елордадағы АҚШ елшілігі алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. 2020 жылғы 31 қазанда өткен митиңге спортшы көйлек киіп келген. Бұл шеруге қатысушылар арасында жанжал тудырған. Юрийге қол жұмсағандар болыпты. Енді өзін елшілік қоршауына кісендеп тастаған бодибилдер митиң ұйымдастырушылары одан кешірім сұрасын деп талап етіп отыр.
“Мен митиңге трансгендер адамдардың құқығын қорғап шыққан болатынмын. Көйлек киіп, Аманда образын сомдап бардым. Бірақ маған сөйлеуге де мүмкіндік берген жоқ. Ұрып-соғып, жала жапты. Маған тағылған айыптың көбін жоққа шығардым”, – дейді Юрий Instagram парақшасындағы постта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Спортшы Батыс елдерінің елшілігі мен халықаралық ұйымдардың назарын аударуды мақсат еткен. Митиңдегі киімі үшін әлі күнге дейін қудалау бар екенін айтады.
Юрий Толочко жақында резеңке қуыршаққа үйленген болатын. Спортшы оған тірі әйел ретінде қарап, мейрамханаға апарады, саяхаттайды, тіпті романтикалық өлеңдер де оқитын көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram