“Шын мәнінде не болғаны белгілі болады. Біз шынымен үйлендік пе? Бұл видео сұрақтарыңызға жауап бере ме, әлде, одан да көп сұрақ туындата ма?” Нюша мен Егор Крид жаңа бейнебаянға осындай сипаттама берген.
11 желтоқсанда “Mr. & Mrs. Smith” бейнебаяны жарық көрді. Бейнебаянда қос әнші айырылыспай бірге қалғанда не болатынын білу үшін “тағдыр болжайтын” орталыққа келеді. Клип сюжеті бойынша қос әнші үйленеді. Көрініс көптің көңілін жылытқан. Тіпті кей тыңдарман көзіне жас алған.
Айта кетсек, Нюша мен Егор Крид 2014 жылы жасырын кездесіп жүріп, екі жылдан кейін айырылысып кеткен болатын. Крид Нюшаға ән арнап, бірнеше сұхбатында естеліктерін бөлісті. Көпшілік қос әншінің сезімдері әлі өшкен жоқ десті. Жұптың айырылысуына Нюша себепкер болған. 2017 жылы Анна Шурочкина (Нюша) Игорь Сивовқа тұрмысқа шықты.