IMDb порталы жариялаған рейтиңнің бірінші орнына “The Boys” сериалы шыққан. Туынды қыркүйек айының өзінде рекордтың бәрін жаңартқан болатын.
Ал екінші орынды үздік ондықтан алты апта бойы түспеген “La Casa de Papel” (“Бумажный дом”) сериалы иеленді. Соңғы маусымы көпшілікті тәнті еткен “Dark” (“Тьма”) үшінші орынға жайғасты.
Топ-ондықтың төртінші орнын “Ozark” (“Озарк”) иеленсе, бестікті “Mandalorian” (“Мандалорец”) қорытындылайды.
Портал рейтиңіне “Ход королевы”, “Академия Амбрелла”, “Мир Дикого Запада”, “Ведьмак” және “Корона” сериалдары да енді.
Бұдан бұрын IMDb порталы 2020 жылдың үздік актерлерін анықтаған болатын.