Мессенджер шопингке арналған жаңа функция ұсынды: енді қолданушылар өзіне ұнаған тауарды “себет” батырмасына салып, оңай тапсырыс жасай алады.
“Бұл функция мейрамханалар немесе киім дүкендері сияқты көптеген өнімдерді ұсынатын компаниялармен хат алмасу кезінде өте ыңғайлы. Себет көмегі арқылы пайдаланушылар каталогты көре алады, бірнеше өнімді таңдап, бір хат арқылы компанияға тапсырыс жібере алады. Компанияларға сатылымды рәсімдеу оңайырақ болады.”, — деп жазды whatsapp.com.
Бұл функция қазір мессенджерді қолданатын мемлекеттің бәрінде істеп тұр.