Pantone түстер институты 17-5104 нөмірлі Ultimate Gray мен ашық-сарының 13-0647 нөмірлі Illuminating реңкін келер жылдың басты түстері деп жариялады. Институттың атқарушы директоры Леатрис Айзманның ойынша, бұл түстер сенім мен тұрақтылықтың символы болмақ.
“Бұл түстер кейінгі екі айда интерьер детальдары мен суреттерде жиі қолданылыпты. Біздің мамандар үшін бұл “белгі” болды. “Қазір бізге сұр тастың сенімділігі мен сәуленің беретін жарығы жетпейді”, – дейді институт директоры.
Pantone 20 жыл бойы әр желтоқсанда жылдың басты түстерін жариялайды. 2020 жылы бұл “классик көк” түс болған.