23-24 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы Nomad City Hall театрында “Тыныштық күзетшісі” спектаклінің премьерасы өтеді. Спектакль Дулат Исабековтың аттас шығармасының желісінде жазылған. Туындының қоюшы режиссері — театр актері, әнші Сайлау Қамиев. Суретшісі – Ерлан Тұяқов.
Спектакль алты жасында әке-шешесін ақ бандылар көз алдында атып кеткен соң, есі ауысып, кеңкелес атанған Демесіннің ауыр тағдырын баяндайды.
Премьераға билетті Tiketon сайтынан онлайн алуға болады.