Режиссер Нұрлан Қоянбаев пандемия кезінде отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін тегін жарнама жасамақ. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қоянбаев парақшасында “Бір-бірімізді қолдап жүрейік! Сторисқа кішігірім бизнеспен айналысып жүрген аккаунтты саламын! Жарнама болсын ол кісіге. Кімді саламыз? Бизнеспен айналысып жүрген достарыңызды белгілеп жіберіңіздер, қуанып қалсын, саудасы жүрсін”, – деп жазба қалдырған.
Қолданушылар “Бизнес по-казахский” режиссерінің бастамасын қуана қолдады. Жұрт кәсіппен айналысатын таныстарын белгілеп, Қоянбаевтың бұл шешімін мақтап жатыр.