Әнші парақшасына Орал(Жайық) өзенінің бойына платина салуға наразылығын білдірді. Айқынның ойынша, Орал өзенінің бойына платина салу Каспий теңізінің тартылуына алып келеді.
«Каспий теңізі Арал теңізінің тағдырын кешпес үшін қазірден бұл мәселені құзырлы органдар қолға алу керек сияқты», — дейді әнші. Сондай-ақ, ол Сырдариядағы су тасқынын мысалға алып, көршілес елдердің платина салуына наразылығын білдірген.
Желі қолданушылары «Сөз жоқ, эмоция ғана. Осының бәрін көрсем мұраға не қалады деп ойлаймын», «Жарайсың Айқын!», «Дұрыс! Осындай проблемаларды көтеру керек», — деп Айқынға қолдау білдірді.