Желіде Санта-Клаус пен оның көмекшісі көлік ұрлауға тырысқан қылмыскерлерді құрықтаған видеосы пайда болды. Шын мәнінде бұл жасырын операция жүргізіп жүрген полиция қызметкерлері болып шықты.

«Сантаның интервенциясы» операциясы аясында жаңа жылдық костюмдегі құқық қорғаушылар тағы осындай бірнеше қалта ұрысын ұстаған. Мереке қарсаңында ірі сауда орталықтарында ұрлық жиі болады. Сол себепті Калифорния тәртіп сақшылары осындай шара қабылдауға мәжбүр болған.
Көңілді операция жұртышылық назарын аударған. Санта мен көмекшісі екеуінің жаңа жылдық операциясы түсірілген видео желіде қызу талқыға түсті.