Есірткі саудагері Google Translate қызметін пайдаланбақ болғанда, кездейсоқ марихуана фермасының видеосы ашылып кеткен.
Британияның Сандерленд қаласында полиция күдікті көрінген сұр түсті Mercedes көлігін тоқтатып, тінту жүргізген. Көліктен марихуананың иісі шығып тұрғанымен, тінту еш нәтиже бермеген.
Полицияның не айтқанын көлікте отырған екі азаматтың бірі түсінбей, телефоннан Google Translate қызметін қоспақ болғанда, экран бетіне үлкен марихуана фермасының видеосы шығып кеткен. Видеоны өшіріп үлгерген екеуді полиция дереу қамауға алған.
Нәтижесінде 600-ден астам марихуана өсімдігі тәркіленіп, екі азамат кепілдік төлеп бостандыққа шығыпты.