АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Entertainment Weekly-ге берген сұхбатында сүйікті телесериалдарының тізімін бөлісті. Обаманың фавориттері қатарына “Пацаны” (The Boys), “Хранители” (Watchmen) , “Лучше звоните Солу” (Better Call Saul) мен “Хорошее место” (The Good Place) сериалдары кірген.
“Лучше звоните Солу” сериалы экс-президентке америкалық арманның мүлде айтылмайтын тұстарын ашық көрсеткені үшін ұнаған. “Ал “Хорошее место” — салмақты философиялық сұрақтар мен жеңіл комедияның қосындысы”, — дейді Обама сұхбатында.
“Хранители” де, “Пацаны” сериалы да суперқаһарман образының астаң-кестеңін шығарады. Сол арқылы нәсіл, капитализм, БАҚ пен бұқаралық басқарудың бұрмалаушы күші мәселесін көтереді”, — дейді Ақ үйдің бұрынғы басшысы.