Продюсер Тимур Бақтыбаевтың “Папа поневоле” отбасылық комедиясы көрерменге жол тартты. Туындыны бүгіннен бастап кинотеатрлардан тамашалауға болады.
Фильм сюжеті 31 желтоқсан күні болған оқиғаны баяндайды. Полицейден қашқан кейіпкер бір пәтерге тап болады. Онда тілек айтып отырған екі баланы көреді. Олар жаңа жылда әкеміз келсе деп тілейді. Содан, бас кейіпкер күтпеген жерден екі балаға “еріксіз әке” (папа поневоле) болады.
Бас рөлдерде — Тәуекел Мүслім, Жанель Макажан, Айбар Танғыт, Олжас Әлжанов, Ернар Сақұпов және Алима Дүйсен. Фильм продюсері brod.kz-ке берген сұхбатында “Папа поневоле” комедиясы 15 күнде түсірілгенін айтты.