Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

TikTok — тың негізін қалаған компания 120$ тұратын ақылды шам ойлап тапты

by Жанерке Халамхан
08.11.2020
Reading Time: 1 min read

Byte Bance компаниясының Тutoring Lamp T5 лампасы

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Танымал TikTok әлеуметтік желісінің негізін қалаған ByteDance компаниясының басшысы Чжан Иминг электроника құралдары өндірісіне қызығушылық білдіретінін айтқан болатын. Жақында ол смартфон шығаратын Smartisan компаниясын сатып алып, Dali Education брендін іске қосты. Жаңа брендтің алғашқы өнімі — Tutoring Lamp T5 үстел смарт шамы.

Техниканың мақсаты — оқушыларға үй жұмысын орындауға көмектесу. Лампаға жасанды интеллект жүйесі бар камера мен дисплей орнатылған. Құрылғы экраннан кітап оқып отырғанда саусақ ұшының бағытын қадағалап, оқылған материалды ағылшынша дыбыстай алады. Ақылды шамның қызметі мұнымен шектелмейді. Ол, сондай-ақ, балаға математикалық есептердің шешімін түсіндіріп бере алады. Ал ата-аналар үшін баласының оқу барысын қадағалау үшін видеобайланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.

Смарт шамның дизайнерлері ота жасау бөлмелеріндегі көлеңкесіз лампалардың үлгісінен шабыттанған. Балалар шамнан түсетін жарықты көлеңкелемес үшін көбінде сабақты еңкейіп отырып оқитын болса, қос қанат формасындағы жаңа шам дизайны осы олқылықтың орнын түзейді: балалардың тік отыруына жағдай жасайды екен.

Тutoring Lamp T5 смарт шамын JD.com сайтынан сатып алуға болады. Девайстың құны — 120$.

Tags: Byte DanceTik TokTutoring Lamp T5ақылды лампа

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС