“Барселона” футбол құрамасының ойыншысы Лионель Месси бір клубтағы гол саны бойынша әйгілі футболшы Пеленің нәтижесінен асып түсті.
Испания чемпионатының 15-турында “Барселона” құрамасы “Вальядолидпен” кездесуінде 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 65-минутында Месси “Барселона” сапындағы 644-ші голын соқты. Ал аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле бұған дейін 643 гол салған.
2020/2021 маусымында Лионель Месси 18 кездесуде 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.