Жақында отау құрған Жахан Отарғалиев “Батыстың қарапайым баласы” атты видеокітабын шығарды. Instagram-ға салған видео үзіндіге қарағанда,, кітап оның жетістікке жету жолындағы қиынышылықтарын баяндайды.
“Жалпы негізі Жахан Отарғалиев қалай актер болды? Қазір қарап отырсаң, бәрі оп-оңай сияқты. Батыстың қарапайым баласы Алматыға келіп, бір жылда 5 үлкен киноға түсіп, актер атанды. Осыған дейін қандай қиыншылықтар көргенімді, осындай дәрежеге қалай жеткенімді осы кітапта бөлісемін”, — деді Жахан Отарғалиев і Instagram stories-те.
Кітап құны — 1000 теңге. Видеокітапты актердің ресми сайтынан сатып алуға болады.
Жахан Отарғалиев «Кино по понятиям», «Красавчики до нашей эры», «My love is Aisulu», “Uilenu kerek”, «Любовь на миллион» фильмдерінде негізгі рөлдерді ойнаған.