Қазақстандық ақын, музыкант Maqpalsher “Қара Жәшік” әніне жаңа видеоклип түсірді.
Туындыда эмоциясы мен сезімін Мақпал Жұмабай поэтика, инди-рок және ымдау арқылы жеткізген. Әнші әр адамның ішінде ішкі сезімі мен тілегі жасырулы қара жәшік барын айтады.
“Әр адамның ішінде ешкім аша алмайтын, ешқашан ашылмайтын бір-бір қара жәшік бар. Ал сен қара жәшігіңді аша алар ма едің? Сыр мен шер сөзге сыймаса ше?”, — деп жазды ақын Instagram-дағы видеоклип тизерінің астына.
Maqpalsher — заманауи әдебиет пен музыканы ұштастырған эксперименталды жоба. Ақын 2017 жылы “Мақпалшер” поэтик кітабын шығарды. Былтыр Мақпал Лондондағы Брунель мұражайында концерт берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram